"Бәрі Елдостың өз қолында": Бас хатшы Сметовтің олимпиадаға бару мүмкіндігін бағалады

Халықаралық дзюдо федерациясының бас төрешісі Армен Багдасаров Астанадағы Grand Slam турнирінің ұйымдастырылу барысына баға берді. Ресми тұлғалар бүгін баспасөз мәслихатында сөз алды, деп хабарлайды Olympic.kz. Дзюдодан соңғы рейтингілік турнирлердің бірі – Grand Slam бәсекесі 10-12 мамыр күндері елордада өтеді. БАҚ өкілдерімен кездесуге Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, бас директор Айбек Имашев, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) бас хатшысы Лиза Аллан және IJF төрешісі Армен Багдасаров қатысты. «IJF сіздердің федерацияларыңызбен біраздан бері әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Қазақстанда бірнеше турнирді сәтті өткіздік. Қарым-қатынасымыздың тарихы тереңде жатыр. Сондай-ақ, сіздердің дзюдошыларыңыз да ел намысын абыроймен қорғап жүр. Кеше залды көрдік. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз енді әдемі күрес күтеміз. Баршаңызға сәттілік», - деді Багдасаров.Асхат Житкеев Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысты өз пікірін бөлісті. Атап айтар болсақ, бас хатшы Елдос Сметовтің Париж ойындарына бару мүмкіндігін бағалады. «Бұл өте қиын сұрақ. Елдос -өте беделді спортшы. Сонымен қатар, бізде оның өкшесін басып келе жатқан жас балуандар да бар. Турнирден соң жиын жасап, содан соң, әлем чемпионатынан кейін жиналамыз. Бәрі әділетті болғанын қалаймыз. Иә, бұл тақырыпты бұған дейін де талқыладық. Рейтингте кім жоғары тұрса, сол спортшыны жібереміз деген шешім де болған. Егер ұпай айырмасы алшақ болмаса, Федерация, министрлік өкілдерімен бірлесе шешеміз. Команда ішінде тағы жарыс өткізу ойымызда жоқ. Меніңше, мұндай жағдай команданың көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Өйткені, бізде бәрі үнемі бірге жаттығады. Одан да, жауапкершілік бізде болсын. Команданы топқа бөлмейміз. Ортақ шешім қабылдаймыз. Ерлер арасында алты спортшымыз квотадан үмітті. Әйелдер арасында екі атлетіміз бар, тағы біреуін алуды жоспарлап отырмыз. Елдос әзірге рейтингте төменгі орында келеді. Алдағы турнирден соң көп нәрсе шешіледі. Қазір барлығы да оның өз қолында», - деді Житкеев. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада полицей қыз тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты
Қазақстанда күн жылынады
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды