"Бәрі Елдостың өз қолында": Бас хатшы Сметовтің олимпиадаға бару мүмкіндігін бағалады

Халықаралық дзюдо федерациясының бас төрешісі Армен Багдасаров Астанадағы Grand Slam турнирінің ұйымдастырылу барысына баға берді. Ресми тұлғалар бүгін баспасөз мәслихатында сөз алды, деп хабарлайды Olympic.kz. Дзюдодан соңғы рейтингілік турнирлердің бірі – Grand Slam бәсекесі 10-12 мамыр күндері елордада өтеді. БАҚ өкілдерімен кездесуге Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, бас директор Айбек Имашев, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) бас хатшысы Лиза Аллан және IJF төрешісі Армен Багдасаров қатысты. «IJF сіздердің федерацияларыңызбен біраздан бері әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Қазақстанда бірнеше турнирді сәтті өткіздік. Қарым-қатынасымыздың тарихы тереңде жатыр. Сондай-ақ, сіздердің дзюдошыларыңыз да ел намысын абыроймен қорғап жүр. Кеше залды көрдік. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз енді әдемі күрес күтеміз. Баршаңызға сәттілік», - деді Багдасаров.Асхат Житкеев Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысты өз пікірін бөлісті. Атап айтар болсақ, бас хатшы Елдос Сметовтің Париж ойындарына бару мүмкіндігін бағалады. «Бұл өте қиын сұрақ. Елдос -өте беделді спортшы. Сонымен қатар, бізде оның өкшесін басып келе жатқан жас балуандар да бар. Турнирден соң жиын жасап, содан соң, әлем чемпионатынан кейін жиналамыз. Бәрі әділетті болғанын қалаймыз. Иә, бұл тақырыпты бұған дейін де талқыладық. Рейтингте кім жоғары тұрса, сол спортшыны жібереміз деген шешім де болған. Егер ұпай айырмасы алшақ болмаса, Федерация, министрлік өкілдерімен бірлесе шешеміз. Команда ішінде тағы жарыс өткізу ойымызда жоқ. Меніңше, мұндай жағдай команданың көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Өйткені, бізде бәрі үнемі бірге жаттығады. Одан да, жауапкершілік бізде болсын. Команданы топқа бөлмейміз. Ортақ шешім қабылдаймыз. Ерлер арасында алты спортшымыз квотадан үмітті. Әйелдер арасында екі атлетіміз бар, тағы біреуін алуды жоспарлап отырмыз. Елдос әзірге рейтингте төменгі орында келеді. Алдағы турнирден соң көп нәрсе шешіледі. Қазір барлығы да оның өз қолында», - деді Житкеев. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Арменияда Бірінші арнаның хабар таратуы қалпына келтірілді
Экс-президентпен жүздескен кәсіпкердің жұмбақ өлімі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 0,6%-ға төмендеген
Су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі эвакуациялау пунктерінде
Зайнутдинов пен Айымбетовті Түркия қалай қабылдады? Қазақстандық қақпашы жауап берді
Балалар күнінде тегін балмұздаққа таласқан жұрт көпшіліктің ашуын туғызды
Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Жаңа туған сәбилерге Тасқынбек пен Тасқынби есімі қойылған
Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
"Маңызды таңдау жасайды": Маусым айына арналған жұлдыз жорамал
Су тасқыны салдарынан әлі 5 мыңнан астам адам эвакуациялау пунктін паналап отыр
Алматыда Орталық Азия елдерінің бітімгерлік қызметке қосқан үлесі талқыланды
Қазақстан шекарасы арқылы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасын алып өтпек болғандар ұсталды
"Әже, мен Президентті көрдім": ақтөбелік оқушының оқиғасы жалғасын тапты
Балауса Мұздыман қарсыласын небәрі 40 секундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Экс-президентпен жүздескен кәсіпкердің жұмбақ өлімі
Қызылорда облысында екі ер адам суға батып кетті
Шымкентте биыл өрт фактілері 50 пайызға артқан
Қазақстан шекарасы арқылы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасын алып өтпек болғандар ұсталды
Балауса Мұздыман қарсыласын небәрі 43 секундта нокаутпен жеңді
Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды
Баланы интернеттің құрсауынан қалай сақтау керек? Полиция кеңесі
Олимпиаданың іріктеу турнирінде бүгін 3 боксшы өнер көрсетеді
Сырдария өзенінде екі ер адам суға батып кетті