Азия ойындарында бокстан Қазақстан намысын қорғап жатқан Махмуд Сабырхан жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Қазақстандық спортшы жарыстың келесі кезеңіне өтті.Махмуд Сабырхан Азия ойындарындағы бірінші кездесуін кореялық спортшыға қарсы өткізді. Отандасымыз оны айқын басымдықпен жеңіп, келесі айналымға өтті. Боксшы бұл жекпе-жегінде бар күшін салмағанын алға тартты. "Бірінші кездесуім кореялық боксшы болды. Бұл боксшымен бірінші рет кездесуім. Әлеуметтік желіден жекпе-жектерін көріп, онымен қалай жұдырықтасу керектігін көрдік. Аллаға шүкір, бірінші кездесуде жақсы жеңіп шықтым деп ойлаймын. Енді келесі қарсыласқа дайындаламыз. Бар күшімді салмадым. Ұтып жатқаннан кейін тек алдап жұдырықтастым. Бірінші кездесуде ауырлау қимылдадым. Келесі қарсыласқа жеңілдеу жұдырықтасамын деп ойлаймын" , - деді Махмуд Сабырхан.