Түркияда жол апатынан қазақстандық әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұл туралы Tengrinews.kz порталына оның туыстары хабарлаған.13 қазанда Алания қаласында жол апаты салдарынан 38 жастағы қазақстандық әйел қайтыс болды.Оқиға туралы сондағы пабликтер де хабарлап үлгерді.Марқұмның ағасы Бағдат Құлмағамбетовтің айтуынша, жол апаты осы жылы 3 қыркүйекте журналист пен оның қызы қаза тапқан жолда болған."Жұма күні, 13 қазанда біз қарындасымыз Әлия Құлмағамбетовадан айырылдық. Ол небәрі 38 жаста еді. Оның бар өмірі алда еді және көп жоспары бар еді. Оны Аланияда (Түркия), D 400 тас жолында көлік соғып кетті. Полицияның мәліметінше, ол бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде өтіп бара жатқан. Сонымен қатар, жол тормен қоршалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Құлмағамбетов.Марқұмның туыстары Әлияның жолды дұрыс жерден кесіп өткеніне еш күмәнданбайды, өйткені ол өте әрдайым ережені сақтап жүреді екен. Ағасының айтуынша, полицейлер жүргізушінің жас қыз екенін, оны оқиғаның мән-жайы анықталғанша үйіне жібергенін айтқан.Алайда, тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай жағдайда түрік азаматтары шамамен 25 мың лира айыппұлмен құтылады екен, ал бұл мың доллардан да аз."Оқиғадан бір апта бұрын біз оған бардық, Әлия халықаралық компанияда қашықтан жұмыс істеді және 25-і күні Қазақстанға оралуы керек еді."Әлия азаматтық ұстанымын ашық айтатын, оқуда озат болды, ақылды, өмірге құштар. Ол волонтер болды, мектепте психолог болып жұмыс істеді, қарттарға көмектесті", - дейді қыздардың туыстары.Ағасы Бағдат Құлмағамбетовтың айтуынша, апат болған жер "ажал құштыратын жол" деп аталып кеткен. Мұнда күн сайын адам өледі, өйткені жол жағалау бойымен өтеді және теңізге жету үшін оны кесіп өту керек.