«Барби» фильмі премьерадан кейінгі алғашқы демалыс күндері 155 миллион доллар жинады. Бұл туралы Warner Bros киностудиясының ішкі тарату бөлімінің президенті Джефф Гольдштейн хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Анадолы-ға сілтеме жасап.Фильмнің премьерасы бейсенбі, 21 шілдеде өтті. «Алғашқы демалыс күндері 75 млн доллар аламыз деп ойладық. Ешкім 155 млн доллар жиналады деп күткен жоқ», - деді Гольдштейн. Осылайша, «Барби» фильмі сәуірдің алғашқы демалыс күндері 146,4 млн доллар жинаған Тhe Super Mario Bros. Movie («Ағайынды Супер Марио кинода») фильмін басып озып, жылдың ең көп табыс әкелген дебюті болды.