Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған дерекке сүйенсек, былтыр Өскеменде профилактикалық медициналық тексерістен 27907 оқушы өтті. Соның нәтижесінде кейбір сырқат түрлерінің көбейгені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Ресми мәлімет бойынша, 1117 баланың көру қабілеті төмендеген. Осыдан төрт жыл бұрын 30 баланың есту қабілеті төмендесе, былтыр бұл көрсеткіш 213-ке жетті."Мұның себебі, оқушылардың қазіргі өмір сүру дағдысымен байланысты. Планшет, компьютер, смартфондарды тоқтаусыз қолданады. Күн тәртібін сақтамау, таза ауада аз серуендеу, қимыл-қозғалыстың аздығы осыған түрткі. Кейбір оқушылар құлаққап киіп, телефондағы әуенді бар дауысына қойып тыңдайды. Қысқасы, гаджеттердің әсері көп. Жүйкеге салмақ түсіріп, дұрыс тамақтанбайтындар да бар", – дейді Басқарма басшылығындағылар.Бұдан бөлек, 131 баланың арқасы бүкір болғаны анықталса, 108-інде сколиоз.