Барлық мектеп қауіпсіздік талаптарына сай келмейді – Әлихан Смайылов

Премьер-Министр Әлихан Смайылов білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесін жүйелі шаралар қабылдап, іске асыру мәселесін қозғады.«Білім беру объектілерінің қауіпсіздігіне де немқұрайлы қарауға жол бермеу керек. Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түбегейлі шаралар қабылдау керектігіне қатысты бірнеше рет тапсырма берілді. Бұл мәселені жақында Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында да қарадық. Білім беру объектілерінің барлығы бірдей қауіпсіздік талаптарына сай келмейді», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында. Үкімет басшысының айтуынша, мектептердің 30%-дан астамы әлі күнге дейін полицияның жедел басқару орталығына қосылмаған. «Осы ретте, жұмысты белсенді жүргізу қажет. 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары яғни шамамен 1,5 млн бала тегін тамақпен қамтылатынын атап өту керек. Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп киімі мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін бір балаға кемінде 40 мың теңгеден алатын болады. Барлығы 500 мыңға жуық балаға осындай көмек көрсетіледі. Балаларды мектепке тасу үшін биыл 500-ден аса жаңа автобус сатып алынды», – деді Премьер-Министр. Сондай-ақ Әлихан Смайылов оқу жылының басталуына орай инфрақұрылымды дамытып, оқу процесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс жүргізілгенін айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін "Бірыңғай кадрлық жүйе" енгізілуде
Атырауда 4 пансионат балаларға тыйым салынған діни әдебиеттерді оқытып келген
Қазақстанның 11 өңірінде модельдік агенттіктің атынан "порностудия" ашылған
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Қазақстандық спортшылар таэквондодадан Сауд Арабиясында өткен турнирде топ жарды
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитінде cөз сөйледі
Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды
Алматыда жолаушыға қамқорлық көрсеткен автобус жүргізушісіне әкімнің атынан алғыс айтылды
Биыл доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қалай өзгеруі мүмкін
Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады
Елімізде биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады
Ақтөбеде үш адам кепілге алынған үйден репортаж