"Барлық түйткіл бейбіт және дипломатиялық жолмен шешілуге тиіс",-Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен Ақордадағы кездесуінен кейінгі бірлескен мәлімдемеде әлемдегі түрлі саяси шиеленістер мен экономикалық дағдарыстар елді алаңдатып отырғанын атап өтті.«Сондай-ақ, біз аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмастық. Әлемдегі түрлі саяси шиеленістер, экономикалық дағдарыстар елімізді алаңдатып отыр. Әрине, барлық түйткіл бейбіт және дипломатиялық жолмен шешілуге тиіс. Құрметті журналистер, жалпы бүгінгі келіссөз өзара сенім және түсіністік жағдайында өтті. Осының нәтижесінде Қазақстан мен Францияның қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Ең бастысы, қазіргі стратегиялық бағытымыз — екі ел халқының да кең қолдауына ие болғаны ерекше қуантады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы биыл екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанына 15 жыл толғанына тоқталды. «Достық пен өзара қолдауға негізделген осы ынтымақтастықты одан әрі нығайту — ортақ міндетіміз. Бірге күш жұмылдырып, көздеген мақсатқа жетеміз. Мен оған кәміл сенемін. Біз құрметті президент Эмманюэль Макронмен мазмұнды келіссөз жүргіздік. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың аясын кеңейтуге мол мүмкіндік бар. Франция — Қазақстанның ең ірі сауда серіктесінің бірі. Биылғы 8 ай ішінде сауда-саттық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға өсті. Яғни, 2,7 млрд долларға жетті. Сондай-ақ, Франция негізгі шетелдік инвесторларымыздың қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда Франциядан Қазақстанға 18,7 млрд долларға жуық инвестиция тартылды. Елімізде 170-тен астам француз компаниясының табысты жұмыс істеуі — соның айқын дәлелі», — деді Президент. Еске салайық, Франция Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп жоспарланған. Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған ресми сапары аясында 35 құжатқа қол қойылған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты