"Бәрінен блоктап тастады". Абай Бегей екінші некесін қыздарының қабылдамаған кезін еске алды

Әнші Абай Бегей екінші некесі туралы айтып, қыздарының мұны қалай қабылдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Үйленген кезде (екінші рет - ред.) өте қиын жағдай болды. Қыздар Ақтауда тұрды, бәріміз Ақтауда тұрдық қой. 2018 жылы үйленетін болдым, сонымен неке қию керек. Некеден кейін тойды жариялау керек. Енді оның да туған-туыстары бар, ол бұрын тұрмысқа шықпаған қыз. Нұр-Мүбарак университетін исламтану бойынша бітірген. Сол жерде араб тілінен сабақ беріп жүрді. Үйленуге шешім қабылдап, 2018-де үйлендік. Ол кезде екі кішкентай қызым Ақтауда, барлығы Ақтауда. Былай айтқан кезде, үлкен қызым да, бәрі қарсы болды. Енді үйлену керек болды, үйлендік. Той болды, сол той күні екі кішкентай қызым білмесін дедім де, ініме соғып, бассейнге алып бар дедім. Бассейнге барғанда телефоны түсіп кетіпті. "Папа, сол телефоным бассейнге түсіп кетті" деді. Мен бір іштей қуандым бір жағынан. Олар кешке қарай келіп, Instagram-ды болсын, Интернет желісін көріп қалса, сол кезде бәрі "Үйленіп жатыр" деп шулады ғой. Біреулер "Дұрыс емес онікі" деді. Соны көрмегеніне қуандым бір жағынан. Сөйтіп келесі күні бәрібір көрші әйелдер айтып қойыпты. Сонымен қыздарым жылап, тойдан кейін келесі күні ұшып барып, бірден екі қызымды алып келдім. Үлкен қызым оған дейін де қарсы болып жүрді, 1,5 жыл қарсы болды кәдімгідей, мені бәрінен жауып тастады, телефоннан, бәрінен блокқа қойды. Енді өте қиын ғой. Әрине, оларды да түсінуге болады. Қызғаныш болады", - деді ол Podcast Urpaq Youtube-каналына берген сұхбатында.Әнші қазіргі әйелі балаларын қарсы алып, күткенімен, үйренісе алмағанын, қазір бәрі реттелгенін, бұрынғы қайын жұртымен де жақсы араласатынын айтты."Уақыт керек екен. "Уақыт емші" дейді. Сол бір жылдай ма, кішкене үйреніспей жүрді. Қазір Аллаға шүкір, Алла Тағалам әйтеуір бір-біріне деген мейірімділік берді. Одан кейін Муслим дүниеге келді. Сол кезде де перзентханаға барғысы келмеді. Сосын бөпе келгеннен кейін, екі-үш айдан кейін тәтті болады ғой, содан кейін бір-бірден көтеріп, бауыр баса бастады. Мысалы, әліге дейін кішкентайларды қатты сүймеймін. Көрсеткім келмейді. Жүрегіне қабылдап қалуы мүмкін. Ол өте қиын, енді мұны басына түскен адам біледі", - деді Абай Бегей.Айта кетейік, мұның алдында әнші Абай Бегей Podcast Urpaq Youtube-каналына берген сұхбатында марқұм жұбайын еске алып, жылап жібергенін жазған едік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Станислав Черчесов: «Әр қарсыласты құрметтеп, терең зерттеу керек»
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
Полиция подполковнигі үй иесін өрттен құтқарып қалды
Доллардың бүгінгі бағамы
Қазақстан Елшісі мен Швеция СІМ басшысы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылады
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Түркістанда тағы бір жайлы мектеп ашылды
Көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті