«Барселона» мен Фарцняи құрамасының қорғаушысы Жюль Кунде жазда клуб ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы әлеуметтік желіде тілші Ферран Мартинес мәлімдеді, деп жазады BasSport.kz.Дереккөз мәліметінше, жақсы ұсыныс түссе, Кунде каталон клубының сапынан кету жағын қарастырып жатыр. Каталониялықтар қаржылық фейр плей жағын шешу үшін осындай қадамға барып отыр. Бұған дейін БАҚ өкілдері нидерландтық Френки де Йонг де «Барселонадан» кетуі мүмкін екенін жазған. Айта кетейік, Кунде «Барселонаға» 202 жылдың жазында «Севилья» сапынан ауысып келген. Қолданыстағы келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған. Transfermarkt 25 жастағы қорғаушыны 60 млн еуроға бағалайды.