Каталонияның "Барселона" футбол клубы бразилиялық ойыншы Неймарды қайта команда қатарына қосқысы келмейді, - деп хабарлайды massaget.kz.Басылым ақпараты бойынша футболшының агенті "блаугранаға" ұсыныс жасаған. Бірақ каталондық клуб басшылығы бұл ұсыныстарынан бас тартқан. Оған себеп – қазіргі жағдайда клуб үшін қаржылық тұрғыдан тиімсіз. Сондай-ақ әрі команданың ойын аурасына кедергі келтіруі мүмкін деген де ойда.Бұған дейін Неймар қазіргі командасы ПСЖ-дан кететіні жайлы ақпарат тараған. Баруы мүмкін команданың бірі ретінде "Барселона" таңдалған еді. Ал каталондық клуб футболшының белгілі бір мөлшерде жалақысын париждік команда төлеуге келіссе алмақ болған. Неймар болса ПСЖ-да жылына 31 миллион еуро көлемінде еңбекақы алады.31 жастағы бразилиялық "Барселона" сапында 2013-2017 жылдар аралығында ойнады. Кейіннен ПСЖ-ға 222 миллион еуро көлемінде келісімшартпен ауысып, рекорд жасаған-ды. Келісімшарты 2025 жылдың маусым айына дейін жарамды. Transfermarkt басылымы ойыншының трансферлік құнын 60 миллион еуроға бағалап отыр.