Елімізде Құрбан айт мерекесі 16 маусымда басталады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мереке қарсаңында кәсіпкерлерді құрбандыққа шалынатын мал мен азық-түліктерді қымбаттатпауға шақырды. Ол мерекені пайдаланып, бағаны шарықтатып жіберу зұлымдықпен тең екенін айтты. Сондай-ақ құрбан шалу шарттарын түсіндірді. Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:Құрбан айт намазынан кейін 3 күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу міндет. Алғашқы құрбан айт шамазы оқылғаннан кейін алғашқы 16-маусымда құрбандық шала беруге болады. Үшінші құрбандық күн батқанға дейін ақшам намазына дейін құрбандық шалынады. Мерекеге орай басқарма тарапынан жетімдер және қарттар үйлері мен оңалту орталықтарына қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Астана қаласында біз ерекше балаларға арналған орталықтарды жаңа жобаларымыз бар. Соны ашып таныстырамыз. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасыларға арналған мерекелік шараларымыз бар. Сосын аз қамтылған саяжайларда тұратын отбасыларға арнап, солардың балалары ойнайтын ойын алаңдарын ашайын деп жатырмыз.