Бас прокуратураны «қамшылап отыратын» құзырет беру ұсынылды

Мәжіліс депутаты, заңгер Марат Бәшімов «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда заңнамаға Бас прокуратураны қамшылап отыратын норма енгізуді ұсынды.«Қазір Адам құқықтары жөніндегі институттардың ТМД мемлекеттерінде, басқа да елдерде өзінің орнын тауып үлгерді ме деген сұрақтар туындап тұр қоғамда. Өйткені көбінесе олардың жұмыстары түскен арыздарды прокуратураға жолдаумен шектеліп жатыр. 1988 жылы Польшада қабылданған заңдарда бір норма болған. Прокуратура адамның құқықтары тапталып жатқан қандай да бір фактіге көңіл бөлмесе, реакция білдірмесе, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қарсылық білдіруге құзырет берген. Бүгінгі жиын ғылыми-практикалық конференция болғандықтан осыны зерттеу туралы ұсынып тұрмын. Бір жағынан қарағанда, оның халыққа қаншалықты пайдасы болатынын түсініп алуымыз керек», - деді заңгер. Оның сөзінше, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл деген – халықтың институты. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ондай құзырет берілсе, Бас прокуратураны қамшылап отыратын тетік пайда болар еді. Бұл норма бойынша құқығы тапталды деп есептеген адам Бас прокуратураға ресми түрде жүгіну керек. Ол арыз-шағымына Бас прокуратурадан реакция болмаса, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгінеді. Уәкіл сол шағым негізінде қарсылық білдіріп, істі қайта қозғау туралы бастама көтере алады. Меніңше, заңға осындай норма кіргізуге болады», - деді Мәжіліс депутаты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бокстан әйелдер құрамасы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындыққа кірісті
Алматыда «НаркоСтоп» жобасының 2024 жылғы нәтижелері туралы айтылды
«Таза Қазақстан»: Қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік әрқашан бірінші орында тұруы керек
Журналистика ардагерлеріне жаңа ақпараттық технологиялар таныстырылды
Алматы соты 12 жасар қызды ұшаққа отырғызбай қойған Fly Arystan компаниясына өтемақы төлеуді міндеттеді
2 жасар қыз 135 магниттік шарды жұтып қойды
Қазақстандық талантты футболшыға Еуропа клубтары қызығып отыр
Бүгін – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды
Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды
Бүгін Туринде қысқы универсиаданың ашылу салтанаты өтеді
Қазақстан Армиясы Орталық Азиядағы ең әлеуеті жоғары әскер атанды
Павлодар облысында қуаттылығы 3,5 тонна құс фабрикасын кеңейту жобасы жүзеге асырылды
Әскер балуандары Астанадағы "Дала қырандары" турнирінде чемпион атанды
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады
14 қаңтарда еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады
Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды
Көзіне жас келді: 71 жастағы әйел алғаш рет жеке куәлік алды
Алматыда музей қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, баспанамен көмектесуде және Луврға жіберуде
«Ақырын жүріп анық бас»: боксшы Назым Қызайбай жұртқа ақыл айтты
«Ант қабылдады»: Қуат Хамитов інісін әскерге аттандырды
Қандай пойыздарда әйелдерге арналған вагондар бар?
Астанада үш жасар баласын вокзалға тастап кеткен әйел табылды
Президент БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Шымкентте құрылыс компаниялары жазаланды