Өзбекстанда тағы бір адамшошырлық жайт болды. Ер адам әйелін тұншықтырып өлтірді. Сот отырысында ол балаларына қарайтын ешкім жоқ деген желеумен судьядан қамауға алмауды өтінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.Ферғана облысы Ташлақ ауданының тұрғыны Сайжон Бутабоев қазанның басында әйелін қызғаныштан тұншықтырып өлтірген. Кісі өлтіргеннен кейін ол қылмыс орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды.Сайжон 2018 жылы үйленген, екі баласы бар. Отбасында үнемі жанжал болған, сондықтан әйелі 2020 жылы ата-анасымен бірге тұруға кетіп қалған. Биыл қыркүйекте ол отбасымен қосылу мақсатында қыздың ата-анасының үйіне барған.1 қазанда ол әйелінің басқа жігітпен телефон арқылы сөйлесіп жатқанын естіген. Сайжон қызғаныштан жанжал шығарып, түнгі сағат үш шамасында әйелін тұншықтырып өлтірген. Ол оқиға орнынан бой тасалағанымен, Ферғана облысының жедел қызметкерлері оны бір күн өтпей ұстады. Тергеу барысында қамауға алу мәселесі қаралған сот отырысында Сайжон өз кінәсін мойындады. Ол судьядан екі баласы барын айтып, бас бостандығынан айырудан басқа шара қолдануды сұрады.Айыпталушының адвокаты Бутабоевтың қылмысты мойындағанын, екі баласымен жалғыз қалғанын және жалғыз асыраушы екенін баса айтып, кепілдікпен босатуды сұрады.Заңнамаға сәйкес судья айыпталушыны тергеу мерзіміне уақытша ұстау изоляторына қамауға алу туралы шешім қабылдады. Бутабоевқа қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.