Баспаналы боламын деген жұрт түннен бері банктің алдын күзетті

"Баспаналы боламын" деген жұрт түннен бері қаладағы банк филиалдарының алдын күзеткен. Себебі, бүгін "7-20-25" бағдарламасы бойынша жаңа өтінім қабылдау басталды. Неге мұнша кезек туындады? Әсел Дүкембаеваның бейнематериалы.Елордада қатты аязға қарамастан жұрт түннен бері "Банкцентркредит" ғимаратының алдында кезекте тұр. Тіпті еліміздің түкіпір-түкпірінен келіп, банктің ашылуын күтіп тұрғандар да бар. Бәрінің қалағаны - тиімді бағдарламамен баспаналы болу. Қарлығаш ӘБІКЕНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Кеше кешкі 8-ден бері осындамыз. Сол кездің өзінде 40-50 шақты адам кезекте тұрды. Таңғы 5-тен бері осы жерде жазбаша тізім жасадық. Қазір түскі бір болды, 10 адамды ғана қабылдады. Бұл қалай сонда? Банктің ішінде 2 менеджер ғана қызмет көрсетеді, әрине үлгермейді. Дәл осындай жағдай Астананың басқа аудандарында да байқалады. Айтуларынша, кезек қолдан жасалған. Банк қызметкерлері жарты күн өтпей жатып, банкке берілген "ШЕКТЕУ" қойылғанын хабарлапты. Әйгерім РАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Халыққа сүйек тастаған сияқты 4 адамға беріп тұр. 80 адам бір отделениеде. Аяғы ауыр келіншектер тұр, кішкентай балаларды машинада ұстап отырды. Сағат сайын келіп, списоктан түсіп қалмау үшін, кезекте тұрдық.+Міне қолдан жасалған списокпен кірдік. Банк директоры, бұл мәселеде олар тек орындаушы екенін атап өтті. "Қазақстанның орнықтылық Қоры" бөлген қаржы аясында ғана жұмыс істейтіндерін жеткізді. Дина СЕЙТҚАЗИНОВА, "БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 7-20-25 бағдарламасының аясында банкке қатысты шектеу қойылған. Таңғы 9-дан түскі 12-ге дейін қабылдау жүргіздік. Астана да болсын, басқа өңірлерде болсын, біз шектеу бойынша жұмыс істедік. Біз тек орындаушы ретінде қызмет атқардық. Биылғы шектеудің соммасы - 100 млрд теңге. Бұл дегеніміз орташа есеппен айына 400-ден астам отбасы баспаналы болады деген сөз. Айбар ОЛЖАЕВ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ" АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 2018 жылдан бері 7-20-25 трлн теңгелікпен жұмыс істеді. Негізі бұл бағдарлама жабылуы керек болған. Билік тарапынан арнайы шешім шығарылып, жаппай азаматтардың сұранысы бойынша, бірақ енді көлемін шектеу бойынша. 7-20-25 бағдарлмасы біздің экономикамызға кері әсерін тигізбеу керек. Ақырындап-ақырындап 7-20-25 бағдарламасы шектеу қойып, экономикадағы орнын жоғалтатын болады. 100 млрд қаржы жетпейді. Оны азаматтар түсіну керек. Айбар Олжаевтың айтуынша, азаматтардың бұл бағдарламаға бір рет қана қатысу мүмкіндігі бар. Алайда, көбі серіктес банктерге тұрғын үй әлі таңдалмаса да, үй әлі пайдалануға берілмесе де жүгінуде. Бұл негізсіз кезектің пайда болуына әкеліп соққан. Ә. Дүкембаева

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарапайым пайдалы әдет: дәрігерлер бір уақытта қанша су ішуге болатынын түсіндірді
«Тобылдың» легионері: Қазақстандағы бірінші маусымдағы ойынымнан үлкен ләззат алдым
Айқап» беттерін ақтарсақ...
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Мұстафа ӨЗТҮРІК: «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді
Биткоин бағасы 100 000 долларға жақындады. Өсу жалғасуда
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді: 23 қараша 2024, 13:09 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
Қазақстандағы алғашқы болат балқымасына 80 жыл толды
Алматы облысында монша өртенді
“Екеуіміз ғана қалдық“. СҚО-да 45 ауыл таратылады