Бастауыш партия ұйымдарының бақылау қызметі қайта жанданады. Партия белсенділері көптеген жобалардың өңірлерде жүзеге асырылу барысын қадағалайды. «AMANAT» партиясының хатшысы Руслан Әлішев партияның Қарағанды облыстық филиалының есептік конференциясында осындай ұсыныс айтты. Кездесуде соңғы 3 жылда атқарылған істер мен алдағы жоспарлар талқыланды.«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының 41-есептік-сайлау конференциясы 200-ден астам белсендінің басын қосты. Олар – әртүрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, саяси ұйым мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері. Өңірде қалалық және аудандық саяси кеңес мүшелерінің 65 пайызы ауысып, қайта сайланды. Руслан ӘЛІШЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Біздің партия әрбір мүшесімен мықты. Олар халықпен қалай жұмыс істеуді біледі, оларға халық сенеді. Бұл тұрғыда «AMANAT» партиясы ғана Президенттің ұсынысын сауатты түсіндіріп, елмен сенімді қарым-қатынас құра алды. Соңғы 1 жарым жылда партия «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» секілді көптеген жобаны жүзеге асыруға атсалысты. Барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қайта сайланды. Халық қалаулылары қарағандылықтар үшін маңызды шахтерлардың зейнет жасын қысқартуды ұсынды. Бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 5 жүзге тарта арыз қаралған. Партияның жобалары бойынша жұмыс жалғасады. Соның бірі – Теміртаудағы Жастар үйі. Онда 35 жасқа дейінгі көп балалы ата-аналар, мүгедек бала тәрбиелейтін жалғызбасты әйелдер мен белсенді жастар бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Мұнда тегін шығармашылық және спорт үйірмелері, тіпті сұлулық студиясы да қарастырылған. Алексей ЛОМАКИН, ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Барлығы инклюзияға арналған. Бізде 2 мыңнан астам тірек-қимыл арулары және аутизимге шалдыққан бала бар. Жас ата- аналарға өте қиын. Осындай азаматтар коворкинг орталығына келіп балаларымен бірге әр түрлі жағынан өздерін дамыта алады. Арайлым ТІЛЕУБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біздің жастардың бос уақытын өткізетін пайдалы жер пайда болады. Себеі бұл жердің маңыздылығы барлық жастар бір деңгейде бос уақыттарын бірге өткізе алады. Көптеген кружоктар болады. Сол арқылы Теміртауға жастарды тарта аламыз. Теміртауда жағажайды абаттандыру, спорт қалашығы мен жастарға арналған отбасылық жатақхана салу жоспары бар.