Батыс Қазақстан облысында бастауыш сынып мұғалімі өзіне-өзі қол салды. Бұл жағдай Сайқұдық ауылының тұрғындарын дүр сілкіндірді. 22 жастағы бойжеткеннің мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Туыстарының айтуынша, ол жұмыспен байланысты болуы мүмкін. Бұған қатысты аудандық білім бөлімі жауап берді.«Бұл жағдай оның жұмысымен байланысты емес. Қайғылы оқиға үйінде болған. Оның сағаты жеткілікті болатын. Ұжымдастары оны қолдайтын. Ешқандай шағымы болған емес. Біз өзіміз де түсіне алмай отырмыз», - деді аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин. Полиция қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды.