"Басы ғана көрінген". Атырауда жасөспірім қақаған аязда мұз ойығына суға түсіп кеткен

Атыраулық полицейлер мұз ойығынан суға түсіп кеткен жасөспірімді құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау қаласында орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз баланың мұз ойылып суға түсіп кеткені жөнінде хабарлама түскен. Хабарлама бойынша Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Муратов, Құрманғазы Мерей және Әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Габитов дереу оқиға орнына жеткен. Мұз ойығынан басы ғана көрінген адамның әйел адам екендігін дауысынан ғана айырған полицейлер құтқаруға бірден кіріскен.Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеді. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрді. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрды. Аяқ асты адам өміріне араша түскен полицейлердің қырағылығы мен ептілігі нәтижесінде жасөспірім жағаға шығарылып жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.Денесі қатты суықтаған жасөспірім мән-жайды түсіндіре алмады. Жедел-тергеу тобы тиісті шараларды бастап кетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыр атлетикадан ӘЧ аяқталды. Қазақстанның орны қандай?
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Дәрігер жастықты сақтауға көмектесетін тағамды атады
Каспийді сақтауға арналған ғылыми жоба ТМД елдерінің премьер-министрлеріне таныстырылды
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалды
Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы
Жас спортшылар патриоттық челленджге қатысты
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандықты іздестіріп жатыр