Үндістанда бойжеткен жігітімен араласуға қарсылық танытқан әкесіне ерекше жауап қайтарды. Бұл туралы Bugin.kz News9Live сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Карнатака штатының Кунигал қаласында тұратын 47 жастағы Марияппа есімді мектеп мұғалімі қызы Хемлатаға сүйіктісімен кездесуге тыйым салған. Әкесі қызының жігіті Шантакумарға шабуыл жасап, одан аулақ жүруін талап еткен. Содан кейін Хемлата мен оның сүйіктісі Марияппамен сөйлесуді шешеді. Бес адам бірігіп, жоспар құрады. Күдіктілер ер адамды жұмыстан қайтып келе жатқанда жолын кесіп, оған шабуыл жасаған. Марияппенің басы кесілген. Хемлата оқиға туралы дереу полицияға хабарлап, өзінен күдіктен арылуға тырысады. Осыған қарамастан, тергеу барысында тәртіп сақшылары оның қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Қанды қырғынның қалған қатысушылары да табылып, қамауға алынды.