Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық бата беру байқауын өткізді. Дін мен дәстүрді дәріптейтін сайыста өз өңірлерлерінде топ жарған 20 қатысушы бақ сынауда. Ескірмейтін есті сөзді көнекөздер жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Бірі бірінен озады. Бас мүфти "мұндай сауабы мол, тағылымды сайыстарды жиі өткізген абзал", - дейді. Себебі, қазір кейбіреулер батамен тілекті шатастырып жатады.Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ: Құранда пайғамбарлар Алладан қалай тілек тіледі, Қалай дұға етті, осыдан алып, кейін салтымызбен сабақтастырамыз. Біздің ата-бабаларымыздың берген баталары дініміз бен дәстүріміздің ұштасқан түрде қалыптасқан. Орынбай РЫСБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бата - қазақтың темірқазығы. Бата- қазақтың рухани азығы. Бата деген- мәдениет. Бата деген- әдебиет. Мінекей. Осылай ата-бабамыз айтып кеткен. Бата сайысы жақсы жүріп жатыр. Барлығымыз дән ризамыз.