"Батыс жастарының бәрі мұнайшы бола алмайды", - Президент

Батыс жастарының бәрі мұнайшы болғысы келеді. Бірақ мұнай таусылғанда жағдай күрделенуі мүмкін деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Жаңаөзен мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала екенін айтты. Сол себепті қаланы дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылданды. Оны жүзеге асыруды Үкіметке жүктеді.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Батыс аймақтарда, әсіресе Маңғыстауда көптеген жастар тек мұнай саласында жұмыс істегісі келеді. Бұл дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін. Сондықтан жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде ақпараттық технологиялар бүкіл әлемде жетекші салаға айналып отыр. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануды тапсырды. Өйткені, өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Қайсар МАҚАН, САРАПШЫ: Мен Президенттің айтқанымен толық келісемін. Расында да мұнай тапшылығы болса, біраз маман жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл мәселені бұған дейін қозғау керек еді. Әлі де кеш емес. Батыс жастарының тек мұнайға бет бұруы, бір жағынан, орынды. Өйткені, бұл өңірде жастардың қызығушылығын оятатын жүйелі жұмыс жүргізілмеген. Жастар саясатын, олардың қызығушылығын арттыратын жаңа мектеп, институттар ашу керек. Бәлкім сонда тұрғындар өзге салаға да назар аударады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
14 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Грузия жаңа президентін сайлады
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады