Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 66 отбасыға баспана сатып алынуда. Бүгін аудан бойынша 50 отбасы пәтерлеріне қоныс аударды. Қалған 16 тұрғынға жақын уақытта пәтерлер сатып алынады. Бөрлі ауданы бойынша 60 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, әр үйдің ауданы 80 шаршы метр болады.Су тасқынынан зардап шеккен Ләйлә Жұмағалиева есімді көпбалалы ана сатып алынған пәтеріне кіріп, мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек үшін алғысын білдірді.«Су тасқыны салдарынан Бөрлі ауданы Пугачев ауылындағы үйіміз жарамсыз болып қалды. Комиссияның қорытындысы бойынша Ақсай қаласынан үй сатып алуға келістік. Төрт бөлмелі пәтерге кіріп отырмыз. Енді қуанышымызда шек жоқ. Қолдауы үшін бірінші кезекте Президентімізге алғыс білдіреміз», - деді Ләйлә Жұмағалиева.Сондай-ақ су тасқынан зардап шеккен аудан тұрғындарына 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша тұрмыстық заттар мен жиһаздардың шығынын өтеу үшін 168 отбасыға 63 млн теңге көлемінде қаржы төленді.Батыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы аясында қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккен аудандарда 401 тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында - 5 үй, Бәйтерек ауданында - 2 үйсатып алынды. Ал, Орал қаласындағы жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылы Қазақстан өңірлері спорт саласына 123 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Шырша орнатамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтылды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды