БҚО ТЖД хабарлағандай, Бөрлі ауданындағы Ақбұлақ ауылы суға кетті. Қазір 2 көшедегі 11 үйді су басқан, 44 адам эвакуацияланған. Сонымен қатар облыстың Сырым ауданында 2 үйге су кіріп, 6 адам (2 отбасы, 5 ересек адам (инсульттан кейін бір мүгедек), 1 бала эвакуацияланды. Олар тума- туыстарына орналастырылған. 12 ірі қара, 30 ұсақ мал көрші аулаларға таратылды. Бұл аздай көрші үйлерді де су басу қаупі бар.Қаратөбе ауданының Қоржын ауылынан да 16 адам, оның ішінде 6 бала және 2 жүкті әйел тікұшақпен тасымалданды.