Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер төлдеп жатыр

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер төлдеп жатыр. Бұл кезде күн күрт суытып, жауын-шашын көбейеді. Жаңбыр мен жел қорғансыз құралайдың денесін кептіріп, тіпті табиғаттың өзі осылай қатал ортаға бейімдейді екен. Халық арасында бұл кезең "құралайдың салқыны" деген атаумен танымал. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Инспекторлар киіктің лағын қолға ұстауға болмайтынын айтып, алдын ала ескертті. Бірақ барынша жақын келдік зиянымызды тигізбеу үшін. Қазір қорғансыз жатқан мына құралай санаулы сәттен кейін аяғына тұрып, үйіріне қайтып қосылады. Енесі дыбыс бергенде ғана тұра қашатын құралайды бірден байқау қиын. Әр бұтаның түбінде бүріскен жануарлардың жатысы далалық перзентханаға ұқсайды. Киікті әуеден санап шыққан мамандар биылғы өсімнің қанша боларын алдын ала болжап отыр. НҰРЛАН РАҚЫМЖАНОВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІН ҚОРҒАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Былтыр төлсіз біздің облыста киіктің саны төлсіз 1 миллион 100 мың бас болды. Төлге дейін ғой енді санағанда. Төлмен санағанда қазір шамамен 1 млн 800-дей. Енді мына биылғы төл қосылады оның үстіне. Сонда енді ол 3 миллионға жақындайды деген сөз ғой. Киіктің көбейгеніне шаруалар алаңдаулы. Жеріне түскен жануарларды джиппен қуып шаршағандар былтыр шығынымыз 8 миллиард теңгеге жетті деген. Бірақ табиғат жанашырлары мұнымен келіспейді. Нұрлыбек РАХМАН, ЭКОСАРАПШЫ: Фермерлер өздеріне келген шығындар жайлы айтуда. Үкіметтен үлкен көлемде субсидия сұрап отыр. Осы пікір көп айтылғасын, қоғамда біржақты пікір қалыптасып бара жатыр. Иә, саны көп, бірақ бұл мәселені кешенді қарастыру керек. Киікке қатысты айтылып жүрген мәселенің барлығын 100 пайыз киікке жабудың қажеті жоқ деп санаймыз. Былтыр киік санын реттеу науқаны кезінде 43 мыңдай ақбөкен ауланыпты. Бірақ бұқтырылған бөкен етінен дайындалған қалбырдың (консерві) саны 1 мыңнан әзер асады. Мамандар киіктерді бұлай азайту жақсылыққа апармайтынын айтады. Азамат ХАМЗА, ЭКОБЕЛСЕНДІ: Былтыр 7 ғалым келді шетелден. Ол ғалымдар шетелдегі қаздың проблемасын айтады, қабанның проблемасын айтады. Ол да біздің киік сияқты. Ішінен қарағанда ол қатты проблема болғанымен, сыртынан қарағанда адамдар түсінбейді миллион киікті бір күнде жоғалтып алуымыз мүмкін екенін. Шаруалардың жерінің үстінен дрон ұшырып, киік таба алмай келдік. Шаруалардың айтып отырған миллион киігі жоқ. Мамандардың айтуынша, киіктердің жартысына жуығы қазір Ресей асқан. Енді біразы былтырғы қырғыннан қорқып, құмнан шықпауы мүмкін. Әзірге киік пен кәсіпкерлердің тіресі немен тынары белгісіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жеке тұрғын үйде өрт оқиғаларының көбеюінің бірнеше себебі айтылды
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Олаф Шольц Ресейдің Днепрге соққысын "қауіпті эскалация" деп атады
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Дәрігер қарттардың арқасының ауыруының ерекше себебін атады
Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінде күміс алды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Жамбыл облысының 85 жылдығы кең көлемде атап өтілді
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр