Батыс Қазақстан облысында газ тапшы

Батыста тағы да газ тапшы. Отынның бұл түрі бензиннен әлдеқайда арзан болғанымен, әуресі көп. Қалтаға қолайлы жанармайды таппай, сарсаңға түскен көлік иелері қазір сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Ал айласын асырғандары УАТСАП желісінен арнайы топ ашып, қайда газ барын анықтап жатыр.Мұндай көрініс қазір оралдықтар үшін таңсық емес. Жанармай құю бекетін күні-түні аңдығандардың көрген күні осы. Еркін КАРИН, ТІЛШІ:  Амалы таусылған тұрғындар қазір уатсап желісінен "Газ қайда бар" деген парақша ашып алыпты. 250-ге тарта адамның айтатын әңгімесі - біреу! Газ қай жерде бар, кезек көп пе, жоқ па? Біздің кезегіміз жеткенше әлі біраз бар, оған дейін қай жерде газ бар-жоғын білейік. Ал бұл топқа қосылмағандар сағаттап кезек күтеді. Төзімі таусылғандары бірнеше аптадан бері осылай әуреге түсіпті. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Дұрыс емес қой мынадай болуы. Газдың үстінде отырмыз былай. Орал облысынан 80 процент газы шығады ғой Қазақстанның. - То болады кейбір заправкаларда, то болмайды, то талон дейді. Ана жұмада газ болмағасын жүрген жоқпын. - Осы газдың арқасында табыс тауып отырмыз. Если бензинге күніміз қарап қалатын болса, вообще семьямызды асырай алмай қалатын күндер болып тұр. Өткенде ана жылы 120-дан болғанда тапқанымыз қапқанымызға жетпей қалды. Ал шенеуніктер жағдай қалыпты деуден жаңылған емес. Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылғасын, көгілдір отын бір ай бойы Ақтөбеден жеткізілген. Бірақ оны таситын тепловоз табылмай, тағы тұрып қалыпты. Бұл аздай, темір жолмен жеткен газды автоцистерналарға қайта бөліп құю керек. Тұрғындарды тарықтырған тапшылық осыдан туындаған. Миржан НҰРТАЗИЕВ, БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Атыраудан бізге көлікпен тасығандықтан, тезірек болады. Ал мына вагонмен келгесін, оларда кішкене стансаларда тұрады, өзіңіз білесіз, анда-мұнда тұрып қалғасын кейбір вагондардың кешігуі болды. Құдай қаласа, ертеңгі уақытта вагондар жеткізіледі деп ойлаймыз. 15 вагон бізде 500 тонна, сол 15 вагон келе жатыр. Жауаптылар жағдай ертеңнен бастап түзеледі деп жұбатты. Өйткені бүгіннен бастап, атыраулық зауытқа қайта ауысқан. Енді ешкімді көгілдір отыннан тарықтырмаймыз деп сендіріп отыр. Өйткені өңір тұтынатын газ көлемін өсіріпті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елдос Сметов халықаралық дәрежедегі «жыл дзюдошысы» атағына үміткер
Төртінші алтын: Айбек Оралбай Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Қазақстан дзюдошыларының рейтингтегі ұпайы белгілі болды
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді
Президент Хелен Кларкты қабылдады
«Өндіруші» өз өнімдерімен елді қуанта алмай қалды
Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды
Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады
«Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 12 медаль жеңіп алды