Батыс Қазақстан облысында жаппай адам өлімі тіркеліп жатқаны рас па?

Facebook-те Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Хан ордасы ауылында "адамдар жаппай қырылып жатыр" деген ақпарат тарады. Жазбада кейінгі 10-15 күнде ауылда 10-ға жуық адам жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны, олардың көпшілігі 50-ге де толмағаны айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. "Бұл ешкімді алаңдатпай ма? Ауылымыз Оралдан 600 шақырым жерде, жолы нашар. Сол себепті дер кезінде медициналық тексеруден өте алмай жатқан шығармыз. Мал жаппай қырылып қалса да тексере бастайды, ал мұнда адамдар қырылып жатыр", - деп жазған жазба авторы. Алайда денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды және жазбадағы статистиканың шындыққа жанаспайтынын айтты. Былтыр осы кезде ауылда 13 адам қайтыс болған."Бұл ауылда жыл басынан бері 14 адам көз жұмған, өлім себептері анықталды. Біреуі ұйқы безінің онкологиялық ауруымен ауырды, екіншісі асфиксиямен ауырды, тамақ ішкен кезде тұншығып қалды. Тағы біреуі қайтыс болған кезде Атырауда болған. Тағы біреуі Ресейде тұратын, наурызда ауылға келген. Бір адам оқыс оқиғадан қайтыс болды, оның бас сүйегінің түбі сынған. Үшеуі созылмалы ишемиялық жүрек ауруынан зардап шекті. Біреуі бауыр циррозы болса, екіншісі қан қысымы мен қант диабетімен есепте тұрды, дәрі қабылдаған. Алайда ол дәрігердің айтқанын орындамай, алкоголь ішімдік ішкеннен кейін облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, емделді, бірақ 30 маусымда емдеу мекемесінде қайтыс болды", - дейді БҚО Денсаулық сақтау басқармасы Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Айгүл Құлбарақова. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
Григорий Бабаян: Қарсыластың деңгейі жоғары болды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер