Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы жасөспірім әкесін көлікпен басып кетті. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүк мәшинесін жөндеп жатқан азамат баласына тежегішті басуды тапсырған. Сол кезде ауыр техника орнынан жылжып кетіп, 46 жастағы азамат көлік дөңгелегінің астында қалады. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде жеткізілгенімен, көз жұмды. Қазір полиция осы оқиға факті бойынша көлік құралын пайдалану қағидасын бұзу дерегімен қылмыстық іс қозғады. Мән-жайды анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалған.Болатбек НҰРҒОЖИН, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Алдағы уақытта полиция департаменті осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін кәмелетке толмаған балаларды басқа да жағдайларды осындай техникаға араластырмауын сұрайды. Өйткені арты осындай қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін.