Батыс Қазақстан облысында киік өлексесі көбейген

Батыс Қазақстан облысында киік өлексесі көбейді. Не істерін білмей дағдарған шаруалар ақбөкеннен ауру тарап, малымыз қырыла ма деп уайымдап жүр. Ауылдықтардың айтуынша, бүгінде ақбөкендер төрт түлікпен бірге жайылып, бір жерден су ішеді. Сондықтан бір-біріне ауру жұқтыруы мүмкін. Ал әлсіреген киіктердің кейбірі қора маңына келіп құлайтын көрінеді. Қайрат НАСИМУЛЛИН, ШАРУА: Нағыз жайылыс уақытында осы Бөкей Ордаға келіп жайылады. Киіктен зардап шегіп жатырмыз деп екінің бірі айтады. Айналамыздағы пункттің кейбір жерлерінде 7-8-ден өліп жатқан киіктің басы. Ал ауру ма, оны ешкім де білмейді. Оны сараптап, ізденіп жатқан ешкім жоқ. Ал мамандар бөкендердің баудай түсуін қалыпты жағдай дейді. Өйткені төрт жыл ғана өмір сүретін киіктің әлсіреп арықтауы, тіпті қартайып өлуі - табиғи құбылыс. Сала өкілдерінің айтуынша, келесі айдан бастап, Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің санын реттеу басталады. Аймақтағы ет өңдеу комбинаттары екі айда 120 мың киікті союға дайынбыз деп отыр. Нұрлан РАҚЫМЖАНОВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Киік саны көбейген сайын, оның өлексесі де көбейеді. Бұл - табиғаттың заңы. Биыл жыл басынан 1371 бас киік өлексесі тіркелді. Ешқандай ауру белгілері жоқ деп жауап келді. Тағы бір мәселе - көптен істеп келе жатқан мал молаларының толып қалуы. Бұл да үлкен кедергі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстауда "алып бала" дүниеге келді
Астана тұрғыны жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтты
Қазақстанда дарынды балаларға арналған алғашқы Абай ұлттық мектебі ашылады
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Астанада алты-ақ ардагер қалды: 80 жылдыққа орай әрқайсысына 8 миллион теңге берсе де болар еді
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Ұлытау облысында боранда жоғалып кеткен ер адам құтқарылды
Сенат Әділет министрін судьялық қызметінен босатты
Сенат Конституциялық сот судьясының өкілеттігін тоқтатты
«Қара халықты әдейі тобырға айналдырды!»: Меккеде жүрген Айгүл Орынбек Мұхамеджан Тазабекті сөз қылды
16 қаңтардағы ресми валюта бағамы
29 жастағы қазақстандық Apple компаниясының басшылық қызметіне тағайындалды
Әлемде: Оңтүстік Корея президенті ақыры қамалды, ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс тоқтайды
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Қазақстандық банктер жаңа стандартқа көшті
Біреуді балағаттаған, қорлаған постқа лайк басу - күнә! ҚМДБ үкім шығарды
Қазақстанда дарынды балаларға арналған алғашқы Абай ұлттық мектебі ашылады
Президент «жаңа олигархиядан» неге қорықты?
Алматы облысында есірткі курьері 16 жылға сотталды
Поштамен есірткі алдырған алматылыққа сот үкімі шықты