Батыс Қазақстан облысында оқушылар ҰБТ-ға трактордың тіркемесіне отырып барған

Бұған дейін әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы Мұратсай ауылында түсірілген трактор тіркемесінде отырған 11-сынып оқушыларының видеосы тарап еді. Осы оқиғаға қатысты Бөкей ауданының әкімдігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Видео авторы журналист Лұқпан Ахмедияровтің сөзінше, Оралға ҰБТ тапсыруға бару үшін балалар тас жолға дейін осылай жетуге мәжбүр. Ал жолдың ұзақтығы 18 шақырым екен. Әрі қарай тағы 550 шақырым жүріп, Оралға жетеді. Видео астына "Жаңа Қазақстан" деп жазған журналист осылай бір ауылдың мәселесін көрсетті. Осы оқиғаға қатысты әкімдік ауылдық округ әкімі мен мектеп директоры жазаланғанын хабарлады. Бейнеролик 17 наурызда Мұратсай ауылында түсірілген. “Оқушылардың ата-аналары ақылы жеке тасымалдаушымен оларды Мұратсай кентінен Сайқын – Өнеге – Орал республикалық жолына дейін жеткізуге келісті. Балалардың трактормен жүретіні туралы жергілікті әкімдік пен полиция бөліміне хабарламады. Қазір оқушылардың бәрі Оралға аман-есен жетті. Мұратсай ауылдық округінің әкімі мен Мұратсай ауылындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушыға қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды”, - деп хабарлады әкімдік. Сондай-ақ учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тергеу басталған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
UFC нұсқасы бойынша 2024 жылғы үздік нокаут белгілі болды (ВИДЕО)
Метапневмовирус - Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ-ға жүгінді
Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандар айыппұл арқалайды
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді
Екі облыста жолдар жабылды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды