Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы тың мәліметпен бөлісті.«Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, БҚО және СҚО-да су тасқынына қарсы және салдарын жою іс-шаралары мен халыққа көмек жұмыстары жалғасуда. Батыс Қазақстан облысында судың көтерілу деңгейі тұрақталуда. Су басқан өңірлерге мониторинг жүргізу және патурльдеу үздіксіз жұмыс істеп тұр», - деді министрліктің ресми өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.