Батыс Қазақстан облысында Үндістанның 12 азаматы ұсталды.9 тамыз күні Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстады. Тексеру барысында аталған 12 шетел азаматының 8-інде ҚР аумағында визасыз болу мерзімі аяқталғаны белгілі болды. 8 шетелдікке қатысты ӘҚбтК-нің 517-бабы 1Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы1 бойынша жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданды.