Батыс Қазақстан облысындағы киіктен зардап шеккен шаруалардың шығыны 10 миллиард теңгеге жетті. Бұл аздай, биылғы шөптің шығымы нашар. Қоян жылында қапы қалмау үшін тезірек қамданбаса, Жайық бойында жұт болуы әбден мүмкін, дейді шаруалар. Ауылдықтардың бірқатары жерін «электрбақташымен» қоршап, егін еккен. Бірақ бұл аумақты күндіз-түні қорығанымен, мыңдап жөңкілген киікті тоқтата алмай отыр. Тәуелсіз комиссия да құрылған. Сарапшылар ақбөкендердің 1 миллион гектардан астам жерді отап кеткенін анықтапты.Мырзабай БОРАНБАЕВ, ШАРУА:Бізде сенокос деген категорияда жер жоқ Бөкей Ордасы ауданы бойынша. Пашня өзінен-өзі жоқ, жыртпа жер, егістік жер. Тек қана пастбище. Соның ішінен үйлестіріп шабамыз, соған малымызды жаямыз. Сонымен күнімізді көреміз. Былтыр күзде, биыл көктемде киік жатты. Түпнұсқасына дейін жеді. Енді ораққа ілінбейтін болып шығып тұр. Міне, қуып келе жатыр. Артыңда, әне артыңда... я мал бағу керек, я киік бағу керек. Жергілікті депутаттар аудандардағы мал басына 20 мың теңгеден өтемақы төлеуді ұсынады. Бұл - шамамен 10 миллиард теңге. Бірақ мұнша қаржы облыс бюджетінде жоқ. Дегенмен уақыт созбай, киіктерді азайту керек, дейді мамандар. Биыл саны 2,5 миллионнан асқан Ақжайықтағы ақбөкендер осы қарқынмен бірер жылда 5 миллионға жетері анық. Бүгінде Үкімет бұл жануарлардың 10% аулауға рұқсат бергенімен, 250 мың бас киікті союға облыстағы кәсіпорындар қауқарсыз боп шықты. Мамандардың айтуынша, өңірдегі киіктер 350 мыңнан асырылмауы тиіс. Мұрат МҰҚАЕВ, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Киік бір мезгілде қырылып қалса, өзіңіз білесіз ол экологиялық катастрофа болады. 1 миллион бас қырылса, Құдай сақтасын біздер республика бойынша төтенше жағдай жариялаймыз. Оның зардабын шегетін тағы да халық. Халықаралық эксперттердің өздері келді, еуропалық. Өздерінің көзі жетіп, Германиядан келген жаңағы эксперт мойындады: бұл жердің басын реттемесе, азайтпаса болмайтынына көздері жетіп, сол шешімге келді.