Батыс Қазақстан облысындағы суқоймаларда мұз жару жұмыстары басталды.Мамандардың айтуынша, өңірдегі өзен-көлдердің мұзы қалың, тіпті кей жерде 1 метрге дейін жетеді. Егер тезірек құтылмаса, сең жүрген кезде мұз кептетіліп, күн жылынғанда жағдай қиындауы мүмкін. Бүгінде облыстағы 6 ауданға осындай қатер төнгені анықталыпты. Мұзжарғыштар тобы апта соңына дейін суқоймалардағы қауіпті сейілтеміз деп сендірді. Бұл іске бюджеттен 35 миллион теңге бөлініпті. Нұралы МУСИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:Қазіргі таңда жағдай қалыпты. Гидрометреологиялық жағдай бойынша мониторинг күнделікті жүргізілуде. Облыстық өзендер бойынша нақтыланған гидроболжамды күтудеміз. Осы бір-екі күнде келуі керек. Сонымен бірге мына Ресей Федерациясынан наурыз айының бірінші онкүндігінде алдын ала гидроболжамды трансшекаралық өзендер бойынша алдын ала күтіп отырмыз.}Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің дерегінше, Батыс Қазақстан облысында 147 елді мекенді су басуы мүмкін. Халқына қауіп төнген бұл ауылдар ерекше бақылауға алыныпты. Өйткені топырақ қабатындағы ылғал көлемі көпжылдық орташа көрсеткіштен 133% жоғары екен. Бұл аздай 50-ге жуық жолды су шайып кетуі мүмкін.
Жаңалықтар




































