ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында жұмысты жеделдету бойынша белсенді шаралар қабылдауда. Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданындағы зардап шеккен төрт ауылда – Ақсу, Аралтал, Кеңтүбек және Пугачевода су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 60 жаңа үйдің құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды.Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.Құрылыс жұмыстарын а. ж. қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 241 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 234-інде жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ 46 үй сатып алынды, тағы 20 отбасына баспана алу жоспарлануда.ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 3332 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі іс-шаралар жоспарланған:- 401 тұрғын үй салу;- 1 497 үй сатып алу;- 1434 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.Осы шаралар инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.