Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 4-6 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz."Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы да мүмкін. "Тек еліміздің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде", - дейді синоптиктер.Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +33+39°С дейін көтеріледі деп күтілуде. Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасының аздап төмендеуі болжам бойынша: солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін, солтүстікте +25+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін, оңтүстігінде +25+38°С дейін.