Батыс Қазақстанда екі жол апатынан 4 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында екі жол апатынан 4 адам көз жұмды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екі оқиға да 20 қаңтар күні Орал-Атырау жолында болды. Бұл туралы Ақмешіт жастары хабарлайды. «Сағат 16.55-те Ақжайық ауданы Самал ауылы маңында 1983 жылғы өзбекстандық азамат „Мазда СХ-7“ автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп „ДАФ“ жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісіне қоса 1984 жылғы әйел мен 2012 жылғы жасөспірім ұл оқиға орнында қаза тапты. 2009 жылғы жасөспірім Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Бұлардың барлығы — Өзбекстан азаматтары. Екінші жол апаты таңғы сағат 09.00 шамасында Орал-Атырау жолының 79-шақырымында болды. 1963 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Volkswagen Passat» автокөлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылған. Содан қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен түйісіп, «Volkswagen Passat» жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. «Қазіргі кезде осы оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, «Мазда СХ-7» автокөлігінде бір отбасы мүшелері болған. Ерлі-зайыптылар мен олардың кіші ұлы қайтыс болған. 14 жасар үлкен ұлы аудандық ауруханада, оған ота жасалуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді