Батыс Қазақстанда өзендерде су деңгейі көтеріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында өзендерде су деңгейі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, облыста 11 наурызда күннің 4-13 градусқа дейін жылынуына байланысты шағын өзендерде су деңгейі жоғарылады. Атап айтқанда, Тасқала ауданында Шежін-2 өзенінде су деңгейі 779 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шекке жетті. Тасқала ауылындағы гидробекетте Деркөл өзенінде 555 сантиметрге жетіп, қауіпті деңгейден 25 сантиметрге асып түсті. Т.Шапановтың сөзіне қарағанда, Шідерті, Өлеңті және Шаған өзендерінде де су деңгейі көтерілу үстінде. «Алдағы күндері күндіз 8-14 градус, түнде 0-5 градус жылылық сақталып, қардың еруі жалғасады. Оған қоса облыстың бірқатар бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде қар жамылғысы сақталуда. Қардың биіктігі – 1-19 сантиметр. Өңірде биылғы тоңның қалыңдығы – 80-140 сантиметр. Бұл еріген қар суының жерге сіңбей, өзендерге құйылып, олардағы су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соғады. «Қазгидромет» мекемесінің мәліметіне сәйкес 12-14 наурыз аралығында жауын-шашын болып, қар қатты ериді. Соған байланысты су тасқыны болуы мүмкін», деді Т.Шапанов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
“2 жылға бас бостандығын шектеу“. Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша қаралып жатыр?
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Сатиралық паблик авторы екі айға қамауға алынды
Софья Самоделкина қысқы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
Универсиада: Софья Самоделкина қола жүлде жеңіп алды
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Көздегі мең қай кезде инсульттің белгісі болуы мүмкін?
ҚР АШМ Әлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысуда
Маңғыстау облысындағы Бейнеу астық терминалы іске қосылды
Баланы тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды
Нигерияда жанармай таситын көлік жарылысынан 50-ден астам адам көз жұмды
“Ұзақ жазылады“. Қыста аяқ-қолдың сынуына қатысты қандай ырым бар?
Атырау облысында 6,4 миллион шабақ құтқарылды
Қарағандыда жылқы қырылып жатыр
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Шымкентте ерекше ота жасалды
Жетісуда жел генераторы мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыт құрылысы басталды
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Петропавлда құстарға ұя жасаудан сайыс өтті
Адам қанша күн ұйықтамаса, галлюцинация пайда болады?
Алматыда 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды