Батысқазақстандық оқушылар ауыл әкімінің кабинетінде оқып жүр

Әкімдікте оқып жүр, талай қазақ баласы. Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданы Амангелді ауылының мектеп оқушылары ауыл әкімінің кабинетінде білім алуға мәжбүр. Кабинетке сыймаған қалған балалар сабақты осы ауылдың мәдениет үйінің сахнасында оқиды. Үлкендердің салғырттығынан мектепсіз қалған оқушылар туралы тілшіміздің материалында.Бұл - Амангелді ауылы әкімінің кабинеті. Қазір мұнда 5-класс оқушылары оқиды. Балаларды осылай «қамқорлығына алған» әкімнің өзі шағын кабинетке көшіпті. Ал мынау - мәдениет үйінің концерт залы. Түрлі мерекелік шара өткізілетін сахнада қазір әдеттегідей ән шырқалмайды - сабақ болады. Оқу кластарының арасы шымылдықпен бөлінген. Анар ГАБДУЛЛИНА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Бізде бала саны сыныптарда ондай көп емес қой. Он-он екі, он бес... Сондықтан олардың кабинеттеріне сыйып жатырмыз. Кабинетін бізге босатып берді ауылымыздың әкімі. Барлық жағдайларымызды жасап отыр. Қазіргі таңда тығыз байланыстамыз, ешқандай кедергі келтіріп жатқан жоқпыз. 250 оқушының әкімдік пен мәдениет үйінде тентіреп жүруі тегін емес. Өйткені 41 жыл бұрын салынған ауыл мектебінің әбден тозығы жеткен. Халықтың білім ошағы туралы өтінішін «AMANAT» партиясы елеусіз қалдырмады. Партияның араласуымен мектепті күрделі жөндеуге 353 млн. теңге қарастырылыпты. Бірақ қаржы уақытылы аударылмай, бұл іс межелі мерзімінен кешіккен. Енді мердігер тағы бір ай мұрсат сұрап отыр. Нұртай ЖҰМАШЕВ, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Жұмыстың былай қарқыны жаман емес, былай қарағанда сапасы да жаман емес. Тек бұл жерде жұмыс қолын күшейтіп, әлі де бір ай жұмыс жасау керек. келесі айда, мысалы майдың 15 күні қалды бізде, келесі июньнің аяғына дейін бітіруі керек, 45 күн ғой тоқетері жұмыстың. Гауһар ШАЙХЫНИЯЗОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Халық көтеріп жатқан әрбір мәселеге «AMANAT» партиясы қалыс қалған емес. Бұл нысанның да құрылысы тапсырылғанша біздің партияның бақылауында. Алдағы уақытта атқарылған істер бойынша тағы да ақпарат беретін боламыз. Мердігердің айтуынша, қазір мұндағы жұмыстың тек 83% орындалыпты. Дегенмен мектепке электр желісі әлі толық тартылмаған, шашылған құрылыс материалдарының қалдықтарынан аяқ алып жүргісіз. Дегенмен білім ордасын жөндеу ісінің уақытылы аяқталуын аманаттықтар өз міндетіне алып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Алаяқ Ақтау тұрғындарын 90 млн теңге шығынға батырды
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Сәтбаев қаласына аспаннан қар емес, күйе жауды
19-қабаттан құлаған жігіт аман қалды