Батысқазақстандық полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында киік дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. «Тінту барысында 2 мыңнан астам киік мүйізі табылып, тәркіленді. 5 күдікті Орал қаласы полиция басқармасына жеткізілді. Олардың үстінен ҚР ҚК 339-1-бабына (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.