Елордада «Бәйтерек» монументі маңайында 6 киіз үй тігілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Еліміздің бас қаласының төрт ауданында Наурыз мерекесі атап өтіліп жатыр. Елорда әкімдігінің қолдауымен «Бәйтерек» монументі алаңында қала тұрғындар мен қонақтары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік концерт екі күн бойы жалғасады. Іс-шараларда қазақстандық эстрада жұлдыздары, қалалық өнер ұжымдар және басқа да әртістер өнер көрсетеді.Монумент алаңында 6 киіз үй тігілген. Сондай-ақ ашық аспан астында мерекелік көңіл күй сыйлау үшін түрлі-түсті фотоаймақтар, алтыбақан ұйымдастырылған. Елордалықтар киіз үйлерден Наурыз мейрамының басты тағамдары саналатын бауырсақ пен наурыз көженің дәмін тата алады.