Танымал продюсер Баян Мақсатқызы КешYOU тобына қатысты жайсыз оқиға болғанын айтты. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында мәлімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz.Продюсердің айтуынша, топтың кезекті түсірілімдерінің бірінде келеңсіз оқиға болған."Төрт ай бұрын КешYOU тобының өмірінде жағымсыз сәт болды, бейнеролик түсірілімінде атқарушы продюсер Сандуғаш (тегін атамаймын) көпшілік алдында, бүкіл түсірілім тобының алдында оларды (топтың қыздарын - еск.) "ш....." деген. Бұл оқиға туралы екі айдан кейін білдім, қыздарға жаман әсер берді әрі намысына тиді, олардың көз жасы мен реніштері... Мен дереу адвокатымызға қоңырау шалып, бірнеше күн ішінде сотқа жүгіндім. Бүгін соңғы тыңдау болды, ал Сандуғашқа кешірім сұрауға тура келді. Сонымен, не айтқым келеді? Енді ол болашақта ешкімді қорламайды. Ал жазба неге? Болашақта мұндай әрекеттер қоғамды бір-бірін сыйлауға үйретеді", - дейді продюсер.Желі қолданушылары оның бұл әрекеті дұрыс болғанын жеткізген."Өте дұрыс айтасыз, ешкімнің құқығы жоқ біреуге тіл тигізетін. Мен сізді қолдаймын, осылай тәрбиелеу керек өздері", "Біреудің өмірін біреу сүрмейінше ол адамды ешкім түсінбейді. Әр адам өзі қалай қалайды, солай өмір сүруге 100 пайыз құқығы бар. Біреудің жеке басына тіл тигізгенді жазасыз қалдырмау керек", "Дұрыс істедіңіз Біздің қоғамда бірін-бірі сыйлау-құрметтеу жоғалып бара жатыр. Бұл қыздар да әр үйдің үкіліп отырған қызғалдақтары!" - деп жазған пікір білдіргендер.