Баянауылда ауыл әкімі әлі жаумаған қарды "тазаладық" деп ақшасын мердігерге төлеп тастаған. Яғни, қараша- желтоқсан айларына бөлінген қаражатты наурыз айында игеріп қойыпты. Қыс болса әлі басталған жоқ. Құндыкөл, Біржанкөл, Егіндібұлақ ауылдарының қарын енді кімнің күрейтіні белгісіз. Бұл заңсыздықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу кезінде анықтаған. Нұргүл ҚАЙЫРДЕНОВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ОБЛЫС БОЙЫНША ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ: Бізде қараша, желтоқсан айлары әлі туған жоқ. Енді туатын айлар осы жылы. Бұлда қар жауатын суық түсетін сондай уақыт. Оның үстіне Баянауыл таулы жерлерге жатады. Сол айларда ауылдық округтерді қалай қардан тазалайды? Қандай ақшаға тазалайды. Себебі, ақша толыққанды мердігерге аударылып кеткен. Құндыкөл ауылдық округінің әкімдігі мердігермен 1 млн. теңге көлемінде шарт жасасқан. Ақпан айында қол қойылыпты. Алайда, ауыл әкімі жұмысты атқармаған қаңтар айына да ақы төлеп қойған. Аталған мәселе бойынша шешім қабылдау үшін іс құзырлы органдарға жіберілді. Ал ауылды басқарған Самат Ибраев бұл қызметінен кетіп қалыпты. Қазір ауылды басқа адам басқарады. Ал жаңа келген әкім қар тазалауға бюджеттен тағы да қаражат сұратып жатқанын айтты. Қуандық ИВАШЕВ, ҚҰНДЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Ақша сұратып отырмыз. Өйткені, бізде қаржы жоқ. 120 мың ғана бар. Қараша, желтоқсан айларына тағы 500 мың теңге сұратып жатырмыз.