«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды. Опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекарасы тұрақты емес. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар. Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологтары тартылды. Оқиға орнында барлығы 97 адам, 103 қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.