«Байдың балалары». Мырзағали Айтжанов құрамада қандай боксшылар жүргенін айтты

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов «Спорт министрі» арнасына берген сұхбатында қазақ боскшыларының ең басты кемшілігін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.Ол біздің боксшыларға жаттығудан бөлек қара жұмыспен айналысқан дұрыс деп санайды. Жаттығу барысынан бізден асып тұрған ешкім жоқ. Барлық жерде ауызбіршілік бар. Өзбектердің бізден артықшылығы – жігіттері тәртіпті, спортшылары еңбекқор. Үйіне келіп, үй шаруасын істеп, малға қарап, жер аударып жүреді. Ал біз осы жағынан сәл осал болып тұрмыз. Біздің балалардың бәрі – қаланың балдары. Мен кейде кекетіп «байдың балалары» деп қоямын. Бәрі ақсаусақ сияқты болып кетті. Сол үшін ешкімді аямау керек. Қазақтың балаларын жұмысқа салу керек. Жұмыстан ешкім өлмейді. Күшейіп, қатайып, мықты шымыр жігіттер болады, - деді Мырзағали Айтжанов. Сондай-ақ бас бапкер өзінің жеңілісін өзгеден көретін боксшылар туралы айтты. Жігіттеріміздің кейбірі тойлап қойды, жүріп қалды. Сөйтіп, өзінің бабына келмей, дұрыс бокстаса алмай, мамандарды кінәлағандары өте ұят деп ойлаймын. Мен тек естімей-ақ, кім айтуы мүмкін дегенге айтып жатырмын. Сол боксшының бапкерлері айтуы мүмкін. Біреуден іздейді. Адам бірінші кезекте кінәні өзгеден емес, өзінен іздеуі керек. Кем-кетікпен жұмыс істеп, қайтадан күшті боламыз деп жатырмын, - дейді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді