5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15:12 шамасында Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы көкке көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.Зымыранға "Электро-Л" № 4 ғарыш кемесі бекітілген. "Электро-Л" сериялы ғарыш аппараттары ғалымдарға ауа райын болжауға, авиация саласындағы ұшу жағдайларын талдауға, теңіздер, мұхиттар акваторияларының жай-күйін бақылауға, сондай-ақ қауіпті аудандардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі. 2011 жылдан бастап Жер орбитасында "Электро" жүйесі жұмыс істейді, бұл бағытта "Электро-Л" № 2 және "Электро-Л" № 3" сынды мақсатты жерсеріктері қолданыста екенін жеткіземіз". Роскосмос