Байқоңырдың мыңдаған тұрғыны тегін медициналық қызмет ала алмай жүр - сенатор

Сенатор Ақмарал Әлназарова Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депуттатық сауалында Байқоңыр қаласындағы мыңдаған қазақстандықтың сапалы медициналық қызмет ала алмай жүргені туралы айтты.Депутаттың айтуынша, еліміздің азаматтары Ресей заңнамасының ережелері бойынша, оның ішінде 1996 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес зейнетақы алады. Ал, қазір бұл адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін медициналық көмек ала алмай жүр. Себебі, олар туралы деректер еліміздің Еңбек министрлігі ақпараттық базасында жоқ. «Қазақстан Республикасының осы санаттағы азаматтары медициналық көмекті тек қазақстандық медициналық ұйымда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және Ресей Федерациясы ұйымында шұғыл көмек ала алады. 2022 жылы 2 мыңнан астам науқас консультациялық-диагностикалық көмек, 600-ге жуық науқас жоспарлы стационарлық көмек, оның ішінде коронарографиялық және офтальмохирургия көмегін алмаған», - деді Ақмарал Әлназарова. 2016 жылдан бастап қалада Байқоңыр қаласының, сондай-ақ Төретам және Ақай ауылдарының тұрғындары тіркелген қазақстандық аурухана жұмыс істейді. Алайда, бұл аурухана қажетті көлемде тегін медициналық қызметтерді Қазақстанның сақтандырылған азаматтарына ғана көрсетеді. «Бұл тұрғыда зейнеткерлер тегін медициналық көмек алу құқығынан айрылды. Қарт адамдарға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін және аталған проблеманың ерекше әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, осы азаматтарды еліміздің ақпарат жүйесіне енгізу, тиісті қаржыландыру мәселесін шешуді және мемлекеттік жарна төлейтін адамдардың жеңілдетілген санатында болуын қамтамасыз етуін қарастыруды сұраймыз», - деді Ақмарал Әлназарова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкент әуежайының жаңа терминалы ашылды
Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан ел чемпионатының үздіктері атанды
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды