Байқоңырдың мыңдаған тұрғыны тегін медициналық қызмет ала алмай жүр - сенатор

Байқоңыр қаласында тұратын 4 мыңға жуық қазақстандық сапалы медициналық қызмет ала алмай жүр. Сенатор Ақмарал Әлназарова Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, еліміздің азаматтары Ресей заңнамасының ережелері бойынша, оның ішінде 1996 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес зейнетақы алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналары мемлекет тарапынан төленсе де, тегін ем-дом ала алмай жүр. Себебі, олар туралы деректер Еңбек министрлігінің ақпараттық базасында жоқ. Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай ауылы тұрғындары үшін қазақстандық аурухана бар. Бірақ дәрігерлер қажетті көлемде тегін медициналық қызметтерді көрсетпей отыр дейді депутат.Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 22 жылы 2 мыңнан астам науқас консультациялық-диагностикалық көмек, 600-ге жуық науқас жоспарлы стационарлық көмек, оның ішінде коронарографиялық және офтальмохирургия көмегін алмаған. Осылайша Ресей федерациясы тарапынан зейнетақы төлемдерін алатын Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызмет көрсетуге қол жетімсіздігі қалыптасып, зейнеткерлер тегін медициналық көмек алу құқығынан айырылуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлімханұлы Канелоның салмағына қашан өтетінін айтты
Ұшақ апаты: Әзербайжандық блогер Ақтау тұрғындарына алғысын жеткізді
Ақтау маңында Az Airlines жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды