Тараз тұрғындары байланыс жиі бұғаттала береді деп шу шығарды. Жедел жәрдем шақыра алмай, туыстарына хабарласа алмай қиналдық деп шырылдайды. Бұл жиі болатын құбылыс, әбден мезі болдық дейді.Таразда бес түзету мекемесі бар. Соның төртеуі қаланың ортасында орналасқан. Осы маңда тұратындар байланыс аясынан тыс жерде өмір сүріп жатқандаймыз дейді. Ұлдыкүл ДҮЙСЕНБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жылына осы жерде біз 5-6 рет жиналамыз. Сонда да только жоқ. 10 күн 5 күнге қосады да ары қарай қайтадан өшіріп қояды. Бала-шағамыз ауырады, мектепке барады. Қазір бәрі өздеріңіз білесізер интернетпен байланысты. Кеше емес алдың күні мысалы 2 жасар қызым 40 температура болды. Соған жедел-жәрем шақыра алмадық. Әлия МЫРЗАХМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Балалар сабақ оқи алмайды. Сеть ұстамайды, не скорый келмейді. Толқынай БОЛТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ешқандай связь жоқ. Айналып тұрады отырамыз. Уай-фай ұстамайды тіпті үйдегі. Тұрғындар нөмірі 59 түзету мекемесіне барып, басшылыққа шағымдарын жеткізді. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары мәселені шешуге тырысып жатқандарын айтады. Еркін НҰРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Арнайы мердігер мекемені шақырдық осы құралды сатып алып келіп орнатқан. Және байланыс инспекциясының қызметкерлерін шақырдық. Ал түрмелерді шаһар сыртына шығару көп қаржыны талап етеді дейді. Бұл жөнінде тиісті министрлікке хат жолданған. Бірақ жауап келмепті. Б. Жұмабай