«Байтақ» жасылдар партиясының сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Атырау облысындағы саяси құрылым өкілдері қалдықтарды жинау, тасымалдау және өңдеумен айналысатын кәсіпорын ұжымымен кездесті.Партия өкілдері еңбек ұжымына алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді. Жиында аймақтағы өткір мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары пысықталды. Атырау облысы - елімізде экология жағынан қолайсыз өңірлердің бірі. Көлік санының артуына байланысты ауаның ластану деңгейі жоғары. Өңірде құрғақшылық мәселесі де жылдан жылға күрделеніп барады. Партиялық тізім бойынша облыстан Мәжіліс депутаттығына 1 кандидат тіркелген. Мәслихат сайлауында 15 үміткер бақ сынайды. Амандық БАЙҚҰТОВ, ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Кездесу барысында партиямыздың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар, ұжым тарапынан өздерін мазалаған сұрақтар қойлып, жауап берілді. Жалы кездесу екі тарап үшін өте пайдалы өтті деп есетейміз.