«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері киелі Түркістан өңіріне ат басын тіреді. Республикалық штаб басшылығы Түлкібас ауданындағы бірқатар елді мекендерде болып, ауылдағы ағайынмен жүздесті. Маңызды мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын қарастырды.Партия өкілдері әуелі Түлкібас кентіндегі ұстаздармен кездесті. Одан кейін Рысқұлов және Қожанберді ауылының тұрғындарымен жүздесіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жасыл желегі жайқалған Түлкібас ауданында экологиялық проблемалар аз емес. Осыны ескерген партия белсенділері қордаланған мәселелерге қанығып, оның шешу жолдарына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Еркін диалог барысында жиналғандарға алдағы саяси науқанның маңыздылығы да кеңінен түсіндірілді. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына 18 кандидат тіркеген. Қайрат АЙТБАЙ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Елді мекендердің жалпы айтқанда сайлауға дайындығы жоғары деп айтуға болады. Неге десеңіз, жергілікті биліктің оған жағдай жасағаны көрініп тұр. Алдымызда келе жатқан сайлау жоғарғы деңгейде, ұйымдасқан деңгейде, саяси деңгейде өтеді деген ниеттеміз. Оны бір ауылдан бір ауылға көшіп, бір штабтан бір штабта жұмысымен танысып жатқанда көзіміз жетіп отырғаны сол.